Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше көшеде асфальт опырылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше көшеде асфальт опырылып кетті

Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше көшеде асфальт опырылып кетті

Алматыда жаңадан төселген асфальт жаңбырға төтеп бере алмады. Жол төсемесі қаланың бірқатар көшелерінде опырылып түсті. Бұрын Алматыны жаңбырдан кейін су басатын болса, ендігі кезде жаңбыр жол төсемесіне зақым келтіріп жатыр. 

  • 1 Қазан 2017
  • 185
Фото - Caravan.kz

Мысалы, Қалқаман-2 шағын ауданында Бәйкен  Әшімов көшесінде төселген асфальт КамАЗ" автокөлігінің астында опырылып түсті. Сондай-ақ автокөлік иелері Яссауи көшесінің бір бөлігін айналып өтуге мәжбүр. Бұл жерде де асфальт бірнеше жерде төмен түсіп кеткен. 

Бұған дейін осындай оқиға Асқаров көшесінде орын алғаны хабарланған болатын.