Тар жолдың қақ ортасына тоқтай салған Фольксваген екен. Бұзылған көліктің иесі сыртқа шығып, әлдебіреумен телефонмен сөйлесіп тұрыпты. Тіпті темір тұлпарының шамын да жақпаған. Ізінше келіп қалған Тойота тоқтап тұрған көлікті қараңғыда байқамай қағып өтіп, оның артынан келе жатқан 4 машинаны да іліп әкеткен. Жапа шеккен жүргізушілерге сол маңайдағы адамдар көмекке келді. Апат салдарынан 4 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі — жүкті әйел.