— Карабекова Камилла, менің қызым ғой.
— Анасы болсаңыз, қызыңыз апатқа ұшырады. ..
Апат Ремизовкаға баратын жол бойында болған. Алдын-ала болжамға қарағанда, «Cadillac Escalade» көлігіне алдыңғы бұрылыстан шыққан «Subaru» соғылыпты. Джипте 34 жастағы жігіт пен бір бойжеткен отырса, жеңіл көлікте 18 бен 20 жас аралығындағы 5 адам болыпты. Соңғысының ішіндегі екеуі марқұм болса, екеуі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ, джиптегі екі адам да ауыр жарақат алған. Әлеуметтік желіде оларға шұғыл қан керек деген ақпарат пайда болды. Ал қалалық ішкі істер департаменті орын алған жайт бойынша қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.