Алматыда жантүршігерлік жол апаты жас жігіттің өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жантүршігерлік жол апаты жас жігіттің өмірін жалмады

Алматыда жантүршігерлік жол апаты жас жігіттің өмірін жалмады

Қас қарая қала ішімен жүйткіген жеңіл машина қоқыс таситын көлікпен соқтығысқан. Салдарынан, Фольксвагенді  тізгіндеген 21 жасар жігіт сол жерде жан тапсырса, қасындағы құрдасы ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.

  • 23 Мамыр 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz

Ауыр соққыдан жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Тіпті, төрт есігі түгел мыжылып, құтқарушылар жүргізушінің денесін арнайы техниканың көмегімен әрең дегенде шығарып алды. Керісінше, қоқыс көлігіне түк те болмаған. Қаладағы ең ірі даңғылдардың бірі-Әл-Фарабидің нақ осы бөлігімен жоғары жылдамдықпен жүйіткуге рұқсат етілген екен. Яғни, баяу жүру, не тоқтап тұру жол ережесіне кереғар. Қазір полицейлер қараңғыда қоқыс жинап жүрген КАМАЗ көлігіне қатысты қатаң тексеруді бастады.


Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-Жоғары жылдамдықты трасса болып табылады. 80 шақырыммен жүретін  жол болғандықтан, ол жақта тұру заң бойынша көзделмеген. Оның қаншалықты сол учаскеде заңды шоғырланғанын да біз анықтайтын боламыз.Яғни, оның ерекше белгілерінің болуы да, болмауы да тергеу барысында анықталады.