Жарияланды: 540

Алматыда жарылғыш зат табылып залалсыздандырылды

Алматы қаласының Алмалы ауданында Құрманғазы және Масаншы көшелерінің қиылысында 20-қазан күні 11 сағат 14 минутта №2030 трансформаторлық қосалқы станцияның жанынан жергілікті тұрғындар жарылғыш зат тауып алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жүзеге асырылған жедел шаралардың нәтижесінде, қолдан жасалған жарылғыш қондырғы - қол гранатасына алынған соқпалы тетік орнатылып, электр өткізгіш сымға қосылған 15х20 см-лік көлемдегі екі қағаз қораптан тұратындығы анықталды. Агенттік ақпаратына сәйкес, жарылғыш қондырғы қауіпсіз жерге жеткізіліп, ҚР ҰҚК-нің "Арыстан" бөлімшесінің қызметкерлері оны залалсыздандырды. Жарылғыш заттың құрамды бөліктері Алматы қаласы Алмалы аудандық ІІБ-не табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін