Алматыда «Жас ұлан» кубогына республикалық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Жас ұлан» кубогына республикалық турнир өтеді

Алматыда «Жас ұлан» кубогына республикалық турнир өтеді

Алматыда «Жас ұлан» кубогына республикалық турнир өтеді.

  • 6 Қараша 2012
  • 404
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оқушылар арасында саламатты өмір салты идеясын нығайту, елімізде футболды дамыту, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын насихаттау мақсатында өтетін бұл турнир 7-8 қараша күндері Алматы қаласында, І.Жарылғапов атындағы спорт алаңында ұйымдастырылады. Оған 16 өңірден облыстық іріктеу ойындарының жеңімпаз командалары қатысады. Турнирдің ашылу рәсімінде барлық өңірлердің футбол командаларының салтанатты шеруі өтеді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырылады.

Іс-шараға Қазақстандық футбол жұлдыздары, мемлекеттік орган қызметкерлері, балалар қозғалыстары көшбасшылары, черлидерлер тобы қатысады.

Соңғы жаңалықтар