Алматыда жас жеткіншектер таудан жаралы әйелді тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас жеткіншектер таудан жаралы әйелді тауып алды

Алматыда жас жеткіншектер таудан жаралы әйелді тауып алды

 

  • 10 Маусым 2016
  • 462
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында «Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жетекшімен тау дайындығы, альпинизм және құзға өрмелеу бағдарламасы бойынша сынақтан қайтып келе жатып, жападан жалғыз қалған әйелді тауып алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Caravan.kz

Кейін анықталғандай, әйел қозғала алмапты, себебі, сол аяғын сындырып алған.  Әскери-патриоттық клубтың 6 тәрбиеленушісі оларға клубта үйреткен нәрселерді жасады, яғни, жараланған әйелге алғашқы көмек көрсете бастады. Жас жеткіншектер жаралы әйелді жедел жәрдем орналасқан жерге жеткізу үшін зембіл ретінде жадағай-палатканы қолданған.  

Бозбалалар 2 шақырымдай төмен түсіп, әйелді қолдарымен көтеріп әкелді. Тек сол уақытта ТЖМ қызметкерлері де келіп үлгерді.


«Киров» әскери-патриоттық клубы Алматыда ең үлкен клуб болып табылатынын айта кетейік. Оған 75 бала барады, оның 20-сы жетімдер.

Қазіргі уақытта ТЖМ қызметі «Киров» әскери-патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің көрсеткен батылдықтары үшін марапаттау мәселесін қарастыруда.
 

Соңғы жаңалықтар