Алматыда жас жігіттер зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас жігіттер зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алып кеткен

Алматыда жас жігіттер зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алып кеткен

Алматыда зейнеткерді соққыға жығып, телефонын тартып алғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Қараша 2017
  • 307
Фото - Caravan.kz

Таңғы 3:30 шамасында 19 және 20 жастағы жігіттер қарт кісінің ту сыртынан келіп, жамбасқа алып ұрған. Жалма-жан қолындағы телефонын тартып алып тұра қашқан.

Жерге құлаған зейнеткердің қос тізесі бірдей сынып кеткен. Жапа шеккен зейнеткер ауруханада 1 аптадай комада жатты.   

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Себебі, 19 және 20 жастағы жігіттер қалада тұрмайды екен. Олар зейнеткердің қарсы тұра алмайтынын білген. Келесі күні әлгілер телефонды 7 мың теңгеге сатып жіберген. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілер кінәларын мойындады. Олардың бірі бұрын ұрлық үшін істі болған", — деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев.



 

Соңғы жаңалықтар