Жарияланды: 20

Алматыда «ЖАСSTAR» шығармашылық жастар халықаралық фестивалі басталды

Алматыда «ЖАСSTAR» шығармашылық жастар халықаралық фестивалі басталды

Бүгін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі басталды.

Үш күн бойы – 26-28 қазан аралығында фестиваль қонақтары мен қатысушылары өнер және мәдениет саласындағы түрлі іс-шараларға қатыса алады. Олардың арасында public talks форматы бойынша қоғамдық әңгімелер, арт-медитация, шеберлік сыныптары, talk show, спектакльдер, көрмелер, пікірталастар, artist talk & workshop, дәрістер, перформанстар бар.

Қазақстандық кино және театр актрисасы Айсұлу Әзімбаева, АlvinToday сонграйтері, стилист Алексей Чжен, пианист-концертмейстер Гаухар Тасбергенова, суретші Дилара Смирнова, арт-куратор Ольга Веселова, Нидерланды ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова, норвегиялық опера және балет театрының премьерасы Ксандер Пэриш, Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Ксения Овсяник, Берлин мемлекеттік балетінің премьері Дэвид Мотта және т.б. биылғы «ЖасSTAR» фестивалінің спикерлері мен шеберлері атанды.

Фестивальдің алғашқы күні «Мода будущего и устойчивое развитие модной индустрии»«Создание и продвижение песни»«Коллекция. Портрет. Арт-рынок»«Вклад в общество: Театр vs. Массовая культура» тақырыбында өтіп, «Терапия цветом» арт-медитациясы, режиссер және хореограф Франк Вальдес пен «Jolda» би зертханасының шеберлік сыныбы және «Astana Musical» театрының қойылымындағы «Номер 13» комедия-спектаклі қойылды.

Алматыдағы Қор өкілдігінің экспозициялық аймағында фестивальдің күндері қазақстандық суретші Лукман Татаровтың «Портрет» көрмесі, Kazakhstan Fashion Week жеңімпаздарының мен әлемге әйгілі ASSOULINE баспасының баспа туындылары көпшілік назарына ұсынылады.

Бірінші күннің басты оқиғасының бірі жаңа оқу маусымындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі еді. Республикалық байқаудың 80 жеңімпазына қырық мың теңге көлеміндегі атаулы стипендия алуға сертификаттар табысталды. Бұл соманы стипендиаттар оқу жылы аяқталғанша алады. Жақында жеңімпаздардың есімдері fnn.kz сайтына салынды.

Фестивальдің толық бағдарламасы jasstar.kz сайтында жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін