Алматыда жаттығу кезінде кепілге алынғандар босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жаттығу  кезінде кепілге алынғандар босатылды

Алматыда жаттығу кезінде кепілге алынғандар босатылды

Алматыда бірнеше адамды кепілге алған лаңкестік топ пен арнайы жасақ арасында қақтығыс болды. Қаскөйлер аса қауіпті жарылғыш затты елден ұшақпен алып кетуге әрекет жасаған.

  • 16 Мамыр 2015
  • 200
Фото - Caravan.kz

Ұрымтал сәтті оңтайлы пайдаланған жедел топ лаңкестерге ұшақ ішінде тойтарыс берді. Бүгін құпия қызмет өкілдері осындай атыс-шабысқа толы сценарий желісімен дайындықтарын пысықтады. Онда арнайы жасақ лаңкестік топтың жолын кесті. Ал кепілге алынған 5 адам аман-есен құтқарылды. Бұл оқу-жаттығу күш құрылымдарының 2017 жылы Алматыда өтетін Қысқы Универсиада қарсаңындағы қызу дайындығы екен. Олар әлем спортшылары жиналатын шараның қауіпіздігін сақтауға сақадай сай.