Алматыда жауған қарды 800-ден аса жұмысшы тазалап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жауған қарды 800-ден аса жұмысшы тазалап жатыр

Алматыда жауған қарды 800-ден аса жұмысшы тазалап жатыр

Алматыда жауған қарды 800-ден аса жұмысшы тазалап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2017 жылы 19 қарашада сағат 04:00-ден бастап қар түсе бастап, қазірге дейін жалғасып жатыр. Таулы аймақтарда түскен қардың мөлшері 3-4 сантиметрге дейін жеткен. 

  • 20 Қараша 2017
  • 179
Фото - Caravan.kz

Коммуналдық қызметтер қаланың жоғарғы және қала орталығындағы көшелерде мұзтайғаққа қарсы материалдарды сеуіп жатыр. Жолдар мен тротуарлардағы қарды күреп, сыпыру жұмыстары жүріп жатыр. 

Мұзтайғаққа қарсы қоспаларды себу қардың түсу аяқталғанға дейін жалғасады.  

"369 арнайы техника жұмылдырылды. Көшедегі жұмысшылар саны 839 адамға жетті. Түнгі уақытта, яғни қарашаның 19-нан 20-на қараған түні 313 арнайы техника мен 800 жұмысшы жұмылдырлады деп жоспарлануда. Таңғы 08:00-ге дейін 250 мың тоннан мұзтайғаққа қарсы қоспа пайдаланылды", — делінген хабарламада. 


Қазгидромет мәліметінше, қар түсуі күннің бірінші жартысында тоқтайды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінің маңында қар тазалау жұмыстарын бақылауға арналған тәулік бойы кезекшілік жұмыс істеп жатыр.   

Соңғы жаңалықтар