Жарияланды: 370

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді Сурет - inform.kz

Алматыда Қапшағай күре жолында Тойота көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші рұқсат етілмеген учаскеде жолды кесіп өтпек болыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Алматыдан жиырма шақырым қашықтықта болған.

Тойота көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні көрмей қалғанын айтады. 1969 жылы дүниеге келген әйел адам  оқиға орнында қаза тапты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть