Алматыда жазаларын өтеп жатқан жастар КТК ойындарына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жазаларын өтеп жатқан жастар КТК ойындарына қатысты

Алматыда жазаларын өтеп жатқан жастар КТК ойындарына қатысты

Республикадағы жалғыз ЛА-155/6 Алматы балалар колониясында М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжі, «Аяжан» білім басқармасы медициналық колледжі сондай-ақ, бас бостандықтарынан айырылған кәмелетке толмаған жастар командалары арасында «Отан - отбасынан басталады!» тақырыбында Көңілді және тапқырлар клубы ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2016
  • 628
Фото - Caravan.kz


Ойындар үш кезеңді қамтыды: «Сәлемдесу», «Биатлон», «Поппури» және «Үй тапсырмасы». Қазылар алқасының құрамына Алматы қалалық білім және жастар саясаты басқармаларының, Жетісу ауданы әкімдігінің және «Жартас Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің өкілдері енді.

«М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжінің студенттері — бірінші, жазаларын өтеп жатқан жастардан құралған команда екінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кітаптар мен картиналар табыс етілді. Сондай-ақ кәмелетке толмаған істі болған жастардың жеке шоттарына 5 мың теңгеден ақша аударылды», — деп атап өтті ЛА-155/6 мекемесінің басшысы Ертай Шәкенов.

Соңғы жаңалықтар