Алматыда жекеменшік бақшадағы балаларға тегін тамақ берілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жекеменшік бақшадағы балаларға тегін тамақ берілуі мүмкін

Алматыда жекеменшік бақшадағы балаларға тегін тамақ берілуі мүмкін

Алматыда келер жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларға баратын балалардың тамағы тегін болуы мүмкін.

  • 21 Желтоқсан 2020
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Ботаева айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Бұл шешім мемлекеттік және жекеменшік бақшаларда төленетін қаражатты теңестіру, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін бақшаларға кезекті азайту мақсатында жасалып отыр. Осыған байланысты қалалық әкімдік ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін балабақшаларда тамаққа төленетін қаражатты жергілікті бюджеттен субсидиялау туралы ұсыныс берді», — деді Айсұлу Ботаева. Аталған ұсыныс нәтижесінде министрлікте жекеменшік балабақшалардың қызметіне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, жергілікті бюджет есебінен балалардың тамағына төленетін қаражаттың кейбір бөлігін субсидиялау туралы шешім қабылданды.


Оның айтуынша, қазір бақшаларды іріктеу талаптарына қатысты талқылау жүріп жатыр. «Менің ойымша, 2021 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін бақшаларда тамаққа төленетін қаражатқа субсидия жасалады», — деді А.Ботаева.

Оның айтуынша, қазір балабақшаларда бір баланың тамағына бөлінетін қаражат 18900 теңге болып бекітілген.

2020 жылдың қорытындысына сәйкес бір балаға мемлекеттік тапсырыс аясында 28 350 теңге төленеді.

Соңғы жаңалықтар