Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесі, 23а мекенжайында орналасқан үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 20:03-те түскен.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауға қарсы 5 арнайы техника мен 23 адам жұмылдырылды.
«Каркас пен қамыстан соғылған үйдің жылдам өртеніп кететіні белгілі. Абырой болғанда, қалалық өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде ауыздықтап үлгерді», — деді баспасөз қызметінен.