Бұл туралы «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ хабарлады.
Оның ішінде 485 млн доллар жүйені салуға, 146 млн доллар пойыздар сатып алуға, 4 млн доллар жерді сатып алуға және бұзылатын ғимараттарға өтемақы ретінде жұмсалады.
Бастапқы жоспар бойынша, 2015 жылдың І тоқсанында жоба техникалық, қаржылық және заңдық тұрғыдан бағаланады. Ал, ІІ тоқсанда бастапқы құжаттар әзірленбек. Конкурстық құжаттар 2016 жылдың І тоқсанында дайын болған жағдайда ІІ тоқсанда жүйені салу жөнінде тендер өткізілуі тиіс.