Алматыда жер алып беремін деп мыңдаған адамды алдаған алаяқ ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  жер алып беремін деп мыңдаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

Алматыда жер алып беремін деп мыңдаған адамды алдаған алаяқ ұсталды

Алматыда ірі көлемде алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды. 43 жастағы Мәдина Даданова есімді азаматша заңсыз жер саудалаған.

  • 30 Шiлде 2014
  • 248
Фото - Caravan.kz

Сатып алушыларына күмән келтірмеуүшін жер телімдерінің картасын тіпті жалған мөр мен құжаттарды да әзірлепті. Алаяқтың арбауына 2 мыңдай адам түскен. Олардың әрқайсысы жердің соттығын 5 мыңнан – 25 мың долларға дейін сатып алған. Артынан еш алаңсыз құрылысты бастаған азаматтар жердің заңсыз екенін біліпті. Алаяқтың өзі арам ақшаға жеке кәсібін дөңгелеткен. Енді сол жиған-тергені түгел тәркіленіп, өзі кемі 15 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.


Қанат Таймерденов, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары:

-Даданованың меншігінде  үлкен үй бар. Жинаған ақшасына кішігірім керпіш зауытын ашқан. Екі қабатты «ПСК Ақжар» деген мекеме салып тастаған. Алданғандардың қалған ақшасы қайда кеткенін қазір анықтап жатырмыз.