Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат авторлары іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат авторлары іздестіріліп жатыр

Алматыда жер сілкінісі туралы жалған ақпарат авторлары іздестіріліп жатыр

 

  • 23 Қаңтар
  • 12
Фото - Caravan.kz

Алматыдағы полиция қызметкерлері жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратушыларды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдары кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлардың авторларын анықтап жатқанын айтты.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", — деп ескертті Полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды.

Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.

Соңғы жаңалықтар