Алматыда жеті нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеті нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

Алматыда жеті нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

Полиция мәліметінше, 7 нысанның үшеуі банк, екеуі сауда үйі, сондай-ақ оқу орны мен халықаралық әуежай.

  • 31 Наурыз 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру жұмыстарына арнайы техника мен саперлер жұмылдырылды. Нысандағы адамдар эвакуацияланды.

"Таңертеңнен бері жарылғыш зат қойылғаны туралы 7 хабарлама келіп түсті. Оның үшеуі тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты", — деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Кейінірек полиция екі сауда үйі мен жоғарғы оқу орнына, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпараттың да жалған екенін анықтады.


Соңғы жаңалықтар