-Қандай ақша? Не үшін? Камераға қараңыз
-Бала үшін.
— Кімнің баласы үшін?
— Өзімнің.
Беті бүлк етпестен сәбиін ақшаға айырбастамақ болған келіншек 24 жастағы Өзбекстан азаматы. Алматыға жұмыс іздей келіпті. Айтуынша, табысы ойындағыдай болмаған соң, үйіне құр қол қайтпас үшін баласын сатуды ұйғарған. Тіпті онысын босанбас бұрын жоспарлап, сатып алушымен келісіп те қойыпты. Жезөкшелікпен айналысқан келіншектің бұдан өзге 4 жасар ұлы да бар екен. Ал тірі тауарға айналып, бөтеннің қолына кете жаздаған сәби қазір жетімдер үйіне тапсырылды.