Алматыда жоғалған жас ана іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жоғалған жас ана іздестірілуде

Алматыда жоғалған жас ана іздестірілуде

28 жастағы Ольга Городецкая 4 қазанда жоғалып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

«Алмалы ауданы ІІБ қызметкерлері Алматы криминалды полициясы басқармасының көмегімен О.Городецкаяның мекенжайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралар кешенін жүргізіп жатыр», — деді ведомстводан.

Ольга Городецкаяның екі кішкентай қызы бар. Біреуі үш, екіншісі бес жаста.

Еріктілердің айтуынша, 4 қазан күні әйел жұмыстан кейін Mega Park (Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында) сауда орталығына кірген. Кейін, бейнебақылау камераларынан оның Байтұрсынов көшесіне қарай кетіп бара жатқаны көрінеді. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.


Соңғы жаңалықтар