Алматыда жол апатынан 12 жасар бала зардап шекті
![]() |
Алматыда жол апатынан 12 жасар бала зардап шекті. Оқыс оқиға Алматыдағы №143 мектептің жанында болған. |
«Фольксваген Гольф» және «Лексус» маркалы көліктері Колпаковская көшесімен келе жатып, солға бұрылмақ болған. Сол мезетте тезірек өтіп кетуге талпынған «Лексус» жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Кейін екпінмен «Фольксвагенді» соққан. Қатты соққыдан неміс көлігі арыққа түсіп кеткен. Ал жапон көлігі электр бағанына соғылып тоқтады.
Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, неміс көлігінде 12 жасар бала жапа шеккен. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті.



Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін