Жарияланды: 390

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тауып, үш адам жарақаттанды

Алматыда жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы үш адам, соның ішінде 4-жасар бала жарақаттанды,- деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі. Апат бүгін, 14-шілдеге қараған түнде, Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысында болды. "Тойота" автокөлігі "Москвич-2140" автокөлігімен соқтығысу салдарынан бір еркек пен бір әйел мерт болды. "Москвич" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть