Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы басталды

Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы басталды

Бүгін Алматыда «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» жедел-алдын алу шарасының басталғандығы жарияланды.

  • 9 Қараша 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Жолдарда жол-көлік оқиғалары мен өлім-жітімді азайтау мақсатында Алматыда 2015 жылдың 9-15 қарашасы аралығында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» жедел-алдын алу шарасы өтеді», — делінген хабарламада.

Осыған орай, Алматы қ. ІІД Әкімшілік полициясы Басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев статистикалық мәліметтер келтірді.

"Үстіміздегі жылдың соңғы он айының қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының саны барлық көрсетілім бойынша азайғаны байқалады. Сонымен, есептік кезеңде ішінде адам зардап шеккен 4 704 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға аз. Ал 2014 жылы жол-көлік оқиғасынан 5 544 адам зардап шеккен болатын. Биылғы көрсеткш бұдан 7,1 пайызға аз. Сондай-ақ биыл көлік апатынан 136 адам көз жұмды. Ал бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 20,35 пайызға аз", — деді Ж. Мұрәтәлиев
Одан басқа, алдын алу апталығы аясында әлеуметтік жарнама бойынша жастар мен студенттердің шығармашылық жұмыстары бойынша «Өзара түсіністік күні» байқауы жарияланады. Сондай-ақ, «Ең үздік автомектеп» және «Жол-патруль қызметінің ең үздік инспекторы» байқаулары да өткізіледі.