Алматыда жол сақшысын ұрған азамат әкімдікте істейтіні туралы куәлігін көрсетіп, қорқытпақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол сақшысын ұрған азамат әкімдікте істейтіні туралы куәлігін көрсетіп, қорқытпақ болған

Алматыда жол сақшысын ұрған азамат әкімдікте істейтіні туралы куәлігін көрсетіп, қорқытпақ болған

Алматыда өзін қуалап жүріп тоқтатқан жол сақшысын ұрған көлік жүргізушісі туралы видео желіде кеше тараған еді. Енді ол жол апатын жасағанымен қоймай, полиция қызметкерін жағадан алғаны үшін екі жылға сотталуы мүмкін.

  • 4 Мамыр 2017
  • 944
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Patrul.kz хабарлады. 

Патруль экипажы Жароков көшесімен төмен қарай қисалаңдап келе жатқан Toyota-ны байқап қалған. Бірақ оның жүргізушісі жол сақшыларының "тоқта" дегеніне көнбепті. Бірақ полицейлер оны бағдаршамның тұсында қуып жеткен. Toyota жүргізушісі сонда да қоймай, қашып кетемін деп ойлап артқа жүріп, Mitsubishi Montero-ға соғысады. 

10.jpg

Осыдан кейін ереже бұзушы адам көлігінен атып шығып, жол сақшысына тап береді. Тіпті қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берген куәлігін көрсетіп, қорқытпақ болған. Сөйтіп, полицейлердің біріне жұдырық жұмсайды. Ал әлгі куәлік Алмат Шәймерденнің атына жазылыпты.

11.jpg
 

Бұл әрекеті видеоға түсіп қалған Алмат Шәймерденннің кейін шынында да Алматы әкімдігінде істегені анықталды. Аталған басқарманың екі бөлімінде қызмет атқарыпты. Жұмыстан өз еркімен кеткен. Ал көрсеткен куәлігі өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды екен. 

5.jpg

Соңғы жаңалықтар