Алматыда жолаушы тасымалдайтын ұшақтың ішінен алдын-ала болжам бойынша жарылғыш механизм табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолаушы тасымалдайтын ұшақтың ішінен алдын-ала болжам бойынша жарылғыш механизм табылды

Алматыда жолаушы тасымалдайтын ұшақтың ішінен алдын-ала болжам бойынша жарылғыш механизм табылды

Бүгін, 12-мамырда 7 сағат 50 минутта Алматыдағы халықаралық әуежайда Мәскеуден ұшып келген "Трансаэро" әуекомпаниясына қарасты Боинг-737 ұшағының ішінен күдікті пакет табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Мамыр 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Салмағы 3,8 кило болатын көк түсті пакет ұшақтың жүк қоятын бөлігінен табылған. Пакетке рентген сәулесін түсірген құтқару қызметінің саперлері онда сымдардың бар екенін анықтады. Пакеттен сағаты бар механизмнің дауысы шығып тұрған.

Ұшақтың бортында 200-дей жолаушы болған. Жолаушылар әуежай ғимаратына шығарылды. Қазір оқиға орнына «Арыстан» арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері келіп жетуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар