Алматыда жолдан жүгіріп өтіпек болған адам көлік астына түсіп, қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жолдан жүгіріп өтіпек болған адам көлік астына түсіп, қаза тапты

Алматыда жолдан жүгіріп өтіпек болған адам көлік астына түсіп, қаза тапты

Көлік қаққан ер адам дәрігерлер келгенше көз жұмды, полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда

  • 28 Қараша 2017
  • 160
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Рысқұлов көшесі бойында түнде жаяу жүргінші көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады оқиға куәгерлеріSputnik Қазақстан агенттігіне.

Рысқұлов даңғылында, Емцов және Немирович-Данченко көшелері арасында, "Массагеттегі" бұрылысқа қарама-қарсы жерде 30-35 жастағы ер адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болады, алайда қауіпті ескермеген екен.

Сол кезде даңғыл бойында Volkswagen Passat көлігі келе жатады. Жүргізуші тоқтап үлгермей, жүгіріп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.


Көлік астына түскен жаяу жүргінші

Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды.

Куәгерлердің айтуынша, жаяу жүргінші мас болған. Болған оқиғаның мән-жайын қала полициясы анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар