Жарияланды: 670

Алматыда Жұбанов атындағы музыка мектебі өртенді

Алматыда Жұбанов атындағы музыка мектебі өртенді

Бүгін 10:58 де Абай даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысындағы  

А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында өрт шықты деген ақпарат келіп түсті. 

Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. 11:23 те өрт толығымен ауыздықталды. Алматы қаласының ТЖҚ мәліметінше, мектептің екінші қабатындағы шеберхананың 12 шаршы метрі өртке оранған, - деп хабарлайды gazeta.kz.

Өртті сөндіру үшін жеке құрамнан 44 адам мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Әуезов көшесіндегі жол кептелісіне қарамай, өрт сөндірушілер шұғыл әрекетке көшті.

Эвакуациялаудың қажеттілігі болмады. Мектеп директоры мен оқытушылары мектепті өздері босатты. Ескерте кетейік, қазіргі уақытта оқушылар жазғы демалыста. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін