Жарияланды: 550

Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті

Алматыда жүк пойызы ер адамды қағып кетті. Салдарынан 1989 жылы туған азамат сол жерде көз жұмды.

Бұл туралы Алматы-1 стансасының желілік істер басқармасының кезекші инспекторы, капитан Әлмағамбетов Қайрат айтты. 

«Ер адам жақын маңдағы уақытша сақтау қоймаларында логист болып қызмет еткен. Таңертеңгі 8:33-те жұмысына асығып бара жатқан. Жұлдыз шағын ауданы маңындағы ашық жерден өтем дегенде жүк пойызының астына түсіп қалған. Алған жараларына ол сол жерде қаза болды», - деді кезекші. 
Оның айтуынша, қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 344-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу ісінің бірыңғай реестріне тіркелді.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін