Бүгін таңғы сағат 5:18-де Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар учаскесіндегі Саз станциясында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.
Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеп жатыр. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтіріледі, деп мәлімдеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.