Алматыда жүк тиегіш көлік баланы басып кетіп, мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүк тиегіш көлік баланы басып кетіп, мерт қылды

Алматыда жүк тиегіш көлік баланы басып кетіп, мерт қылды

Жүк тиегіштің жүргізушісі ойнап жүрген баланы байқамай қалған. Бала оқиға орнында көз жұмды

  • 29 Сәуiр 2021
  • 44
Фото - Caravan.kz

 Алматыда үш жасар баланы шағын жүк тиегіш басып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Бала көгершіндермен ойнап жүрген кезде оны жүк тиегіш басып кетті

Қайғылы оқиға 28 панфиловшылар саябағында болған. Үш жасар бала шіркеудің алдында көгершіндермен ойнап жүрген. Осы кезде саябақпен келе жатқан жүк тиегіштің жүргізушісі оны басып кетті. Ер адам бұл оқиғаның қалай болғанын өзім де түсінбедім дейді.

Жүргізуші баланы байқамай қалғанын айтты

2018 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

 

Соңғы жаңалықтар