Кішкентай Әлім енді анасына еркелей алмайды. Екінші ұлына жүкті Раушан халі күрт нашарлап, емханаға кеткен. Бірақ ол сол күйі оралмады.
Юлдаш Итмаметов, күйеуі:
-Сот сараптамасы әйелім күшті дәрінің әсерінен қайтыс болды деген қорынтынды жасады. Біз дәріні өз бетімізбен алған жоқпыз. Оны «іш» деп берген дәрігер еді. Нұсқаулыққа сәйкес ол үзбей ішіп жүрді. Енді №19-шы емхананың акушері Татьяна Ким заң алдында жауап беруі тиіс.
Әйелі мен жарық дүниені көріп үлгермеген сәбиін жер қойнына тапсырған Юлдаштың өзі дәрігер. Бірақ ол әріптесі «дәрумен» деп жазып берген дәріге алғашқыда ешқандай күмән келтірмепті. Келіншегі де акушердің айтқанын бұлжытпай орындаған. Ал дәріні шатастырды деп айыпталған Татьяна Ким кінәсін мойындамай отыр. Сотқа оны жақтап келген басқа дәрігерлер де әріптесіне шаң жуытқысы жоқ.
— Ну, естественно, нет! Ну это уже в суде будет доказываться.
Дәрігер №19-шы емханада бас акушер ғана емес, бас дәрігердің орынбасары қызметін де атқарыпты. Айыпталушы орындығында онымен қоса аталған емдеу мекемесінің терапевті Гүлзира Жүнісова да отыр.
-Раушанды 5 ай бойы үздіксіз қараған терапевт те алғашқы сот тыңдалымында өз кінәсін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Айтуынша, келіншек өз өліміне өзі кінәлі екен. Гүлзира Жүнісова әлі де өз орнында жұмыс істеп жатыр. Ал басты айыпталушы Татьяна Ким тіпті еліміздің ең мықты емханаларының біріне қызмет ауыстырған. Қазір ол әдеттегідей акушер боп, жүкті әйелдерді қабылдауын жалғастыруда.