Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ қырғызстандық азамат қоғамдық көлікті басқарған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ қырғызстандық азамат қоғамдық көлікті басқарған

Алматыда жүргізуші куәлігі жоқ қырғызстандық азамат қоғамдық көлікті басқарған

Алматы полициясы қалада жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпорындардың автотұрақтарына тексеру жүргізіп,  

  • 16 Қазан 2015
  • 522
Фото - Caravan.kz

жолаушы тасымалдауға жарамайтын автобустарды желіден шығару шарасын қолға алды. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметініне хабарлады.

«Алматы қ. Әкімшілік полициясының қызметкерлері 106-шы бағыттағы автобусты таңғы уақытта Төле би даңғылының бойында байқаған. Қоғамдық көліктің желіде жүруге жарамсыз екені анықталды. Бірақ, жолаушылардың өміріне қауіп төніп тұрса да, жүргізуші жұмысын жалғастыра берген», — делінген хабарламада.

«Қозғалыс барысында автобустың бір жағына қисайып кеткені байқалды. Біз бұған көз жұмып қарай алмадық, сөйтіп оны тоқтаттық. Көліктің техникалық ақауы бар болып шықты. Жүргізуші өзін-өзі ақтап, автобусты жөндеуге қояйын деп жүргенін және тіпті техникалық қызмет көрсету стансасына бара жатқанын айтты. Дейтұрғанмен, автобусты тоқтатқанда салонда жолаушылар өте көп болды. Шара қолдану нәтижесі бойынша жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушушылық кодексінің 590-шы бабының 5-ші тармағында көрсетілген құқықбұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, техникалық ақаулары жөнделмейінше бұл автобусты желіге шығаруға тыйым салынды», — деді Алматы қ. ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Еркін Өтегенов.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері құқықбұзушы жүргізушінің Қырғызстан азаматы екендігін, Алматы көшелері мен жол инфрақұрылдарын жөнді білмейтіндігін және қалада көлік айдауға машықтанбағанын анықтады. Бұдан басқа, бұл азаматқа жүргізуші куәлігі болмаса да қоғамдық көлікті басқаруға рұқсат етілгендігі белгілі болды.   


«Автопарк басшылығының жүргізушілер құрамына бақылау жасамайтындығы көрініп тұр. Сол күні осы кәсіпорынның қауіпсіздік техникасы бойынша инспекторына әкімшілік ықпал ету шарасын қолдандық. Ол жауапкершілікке тартылып, қатаң ескерту алды. Қазір Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау шаралары жүріп жатыр. Тексеру барысында кейбір автопарктерде рейске шығар алдында автокөліктердің техникалық жағдайын тексеретін пункттердің жоқтығы анықталды. Соның нәтижесінде қала көшелеріне жолаушы тасуға жарамайтын автобустар да шығып жатыр», — деді подполковник Е. Өтегенов. 

2

3
4

Соңғы жаңалықтар