Алматыда зообақ қызметкерлері бұған дейін жасырып келген аңдарды көрсетті
Айрықша боп туылған аңдар! Алматы хайуанаттар бағында жұрт біле бермейтін, жаратылысы ерекше тіршілік иелері көрсетілді. Өз тұқымдастарына жүріс-тұрысы мүлде ұқсамайтын олар, тіпті тамақты тек өздері ойлап тапқан әдіспен жейді екен. |
Өз тұқымдасына сырты тартып туғанмен бұл тотықұстың бар қылығы мүлде басқа. Ол – солақай. Жемді сол сирағымен алып, тек сол жағымен жылжып жүреді. Зообақтағы жүз құстың ішінде ол жалғыз солақай. Хайуанаттар бағында осындай төрт-ақ жануар бар екен. Ол – мына сол аяғына сүйенген қоқиқаз, тамаққа тойып алған ақ аю және тәттіге құмар ұрғашы шимпанзе. Адамдар арасындағы солақайлар секілді олар да әр нәрсені тек сол жақпен жасап жүреді. Ұйымдастырушылар бұл шараны бүгінгі солақайлар күніне арнап өткізіпті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін