Жарияланды: 60

Алматыдағы блок-бекеттегі оқиғадан үшінші қызметкердің зардап шеккені мәлім болды

Алматыдағы блок-бекеттегі оқиғадан үшінші қызметкердің зардап шеккені мәлім болды

Алматыда мас жүргізушінің блок-бекеттегі полицейлердің көлігіне соғылуынан тағы бір қызметкер зардап шеккені белгілі болды.

Бұл туралы  Caravan.kz медиа-порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл туралы қалалық ПД мәлім етті. Ресми ақпаратқа сәйкес, жапа шеккен үшінші адам - есірткі бизнесінен қарсы басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.

"Аға қызметкер Ербұлан Сейдазым № 4 блок-бекетте кешкі ауысымда қызмет атқарады. Ол екі айдан бері сонда. Келіп түскен мәлімет бойынша, Ербұлан Сейдазым оқиға болған сәтте планшет арқылы келіп-кетіп жатқан жүргізушілердің рұқсатын тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бекетке келіп соғылған кезде оған бетон тақтайшаның бөліктері ұшып барып тиген. Келесі нұсқаға сенсек, мас жүргізуші алдымен Ербұланды қағып, содан кейін барып полицейлердің көлігіне соғылған. аталған жайттың анық-қанығы тексеріс пен сараптама барысында анықталады", - делінген ресми хабарлмада.

Қазіргі таңда қызметкер бас сүйек жарақатымен № 7 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр деп қосты ПД өкілдері.

Бұған дейін ішкі істер министрі қаза болған полицейлер жайлы сөз қозғаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін