Алматыдағы денсаулық сақтау көрмесіне 28 елден 300-ге жуық компания келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы денсаулық сақтау көрмесіне 28 елден 300-ге жуық компания келді

Алматыдағы денсаулық сақтау көрмесіне 28 елден 300-ге жуық компания келді

Бүгін Алматыда «Атакент» Іскерлік Ынтымақтастық Орталығында осымен 22-ші рет дәстүрлі «KIHE 2015 - «Денсаулық сақтау» Халықаралық көрмесі ашылды.

  • 13 Мамыр 2015
  • 534
Фото - Caravan.kz


Оған биыл әлемнің 28 елінен 300 жуық компания қатысып, өз өнімдерін ұсынды.

«KIHE 2015 — «Денсаулық сақтау» Халықаралық көрмесі — Қазақстанда медицина саласындағы ең ірі тәжірибе алмасу алаңдарының бірі. Оған ауруларға диагноз жасауға және оларды емдеуге арналған өнімдер шығаратын отандық және шет елдік өндірушілер қатысуда. 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы медицина қызметкерлері қауымының алдына, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың денсаулығын нығайту міндеті қойылған. Ал жыл сайын өткізілетін бұл көрме денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологиялармен танысуға, тәжірибе алмасуға, емдеудің жаңа әдістерін үйренуге және денсаулық сақтау саласының даму келешегін анықтауға мүмкіндік береді» — деді өзінің алғы сөзінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой. 

Айта кетелік, аталған көрмеге Әзербайжан, Грузия, Мысыр және Израиль елдерінің медицина саласында қызмет атқаратын компаниялары бірінші рет қатысуда. Сонымен қатар, Түркия мен Оңтүстік Кореяның компаниялар тобы кеңінен ұсынылған. Сондай-ақ, алғаш рет — Венгрия, ұзақ үзілістен кейін — Үндістан және жыл сайынғы қатысушылар — Германия, Қытай және Ресей биыл өздерінің стендтерімен ұсынып отыр. 
Отандық денсаулық сақтау саласының экспозициясы Қазақстан Республикасының Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханасын, Алматы қаласы Репродукциялық медицина институты, сондай-ақ құрамына кіретін барлық Ғылыми орталықтардың медициналық қызметтері көрсетілетін «Ұлттық медициналық госпиталь» АҚ-ын және тағы басқаларды қамтиды.

Көрме шеңберінде «Емдеу-сауықтыру және Медициналық Туризм» тақырыбы екінші жыл қатарынан бөлек экспозиция болып ұсынылды. Одан басқа, көрменің тағы бір қызықты бөлімі «Эстетикалық Медицина» секциясы болмақ. Ол сұлулық индустриясы, эстетикалық медицина және пластикалық хирургия саласының жетекші өндірушілері мен өкілдерін ұсынады. 

Жобаға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Алматы қаласы Әкімдігі, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, «Ұлттық Медициналық Холдинг» АҚ, ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы және ҚР Ұлттық Медицина Қауымдастығы ресми түрде қолдау көсетті. 

Көрме 15 мамырға дейін жалғасады.