Жарияланды: 390

Алматыдағы көгілдір отын құбырларының бір бөлігінде өрт шықты

24-шілде күні кешкісін Алматыдағы Жетісу-2 ықшам ауданында жер астындағы төмен қысымды көгілдір отын құбырынан газ шығу салдарынан газ тұтанды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат салдарынан 102 жер үй мен 3000-ға жуық пәтер көгілдір отынсыз қалды. Құбырдағы газ шығуына себепкер болған ақауды қалалық газ шаруашылығының апаттан құтқару қызметі жөндеді. Құбырды қалпына келтіру жұмыстары 25-шілдеде жүзеге асырылады. Апат болған жер қоршауға алынып, күзет қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін