Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасы жанынан қару-жарақтар табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасы жанынан қару-жарақтар табылды

Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасы жанынан қару-жарақтар табылды

Полицейлер Көк-Төбе телемұнарасының жанынан аңшылық қару сақталған қойма тапты, деп жазады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

  • 8 Ақпан 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жасырынған қару-жарақтар "Заң және тәртіп" операциясы аясында табылды. Арнайы үйретілген ит телемұнара жанындағы ағаштардың арасынан екі тегіс ұңғылы мылтық тапты. 

Қарудың қайдан шыққаны мен иесін анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

"Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатта пайдаланылған болуы мүмкін", — дейді Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Дәурен Өтебаев.


Заңсыз қаруы бар азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға рұқсат етіледі, егер осыдан кейін қылмысқа қатысы анықталмаса, ол азамат жазаға тартылмайды.

 

Соңғы жаңалықтар