Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

Алматыдағы LRT құрылысын кімдер жүзеге асырады

 

  • 22 Шiлде 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрғасының орынбасары Айдос Көбетов Алматыда LRT желісі құрылысының жобасы қандай прициппен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда LRT жобасы бар және оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша іске асыру ескерілген. Жоба екінші кезең деңгейінде тұр. Яғни жобаны жүзеге асырудың екі кезеңдік тетігі бар, бұл ретте әріптестердің өздері тиісті қаржылық-техникалық, заңгерлік шешімдерді ұсынады», — деді Айдос Көбетов Үкімет үйіндегі брифингте.

Осы орайда ол бірінші конкурстың нәтижесін жариялады.


«Бірінші конкурстың қорытындысы бойынша консорциумдағы 9 компания ішінен төртеуі өтті. Олардың құрамында Түркия, Жапония, Франция және Оңтүстік Корея бар. Атап айтқанда, бұл жоба аясында қыркүйек-тамызда екінші кезең бойынша рәсімдерді бастау көзделген. Осы ретте жоба алдында белгіленген мерзімде іске асырылмақ», — деді А. Көбетов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда жеңіл рельсті көлік желісін (LRT) 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр.