Жарияланды: 50

Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады.

"Бүгінде 51 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 3-4 күнде тағы 4 адам келді. Олардың барлығы бақылауда. Менингококк инфекциясы анықталған жоқ, олар диагностика үшін алдын ала тексерілу үшін келіп жатыр", - деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.

"Келген 47 адамның 21-інен диагноз анықталды, 15 адамның диагнозы расталмады. Тағы 11 адам бақылауда", - деді Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

 

 

 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть