Бұл — халықтық нысандарды ынталандыру үшін жасалып отырған шара екен. Сондай-ақ, агроөнеркәсіптегі бәсекелестікті арттыру мақсатында, игерілмей бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану үшін ауыл шаруашылығындағы белгілі бір салаларға да осындай жеңілдіктер қарастырмақ. Айта кету керек, Астанадағы ЭКСПО нысандарын да салықтан босату жоспарланып отыр. 2017 жылы халықарлық көрме өтетін ғимараттардан бюджетке бір тиын түсім болмауы мүмкін.