Алматыдағы "Пинта" барында жаппай төбелескендердің видеосы таралды
![]() |
Алматыдағы "Пинта" барында келушілер мен даяшылар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. |
Төбелестің видеосы Желіде пайда болды. Бұл оқиғаның 9 наурызға қараған түні болғаны анықталды. Видеодан бір топ жігіттің арасында төбелес шығып, кейінірек бұл төбелеске даяшылардың да араласқаны көрінеді.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, төбелестен ешкімнің зардап шекпегені айтылады.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік жігіт “Алло” хитінің авторына 3 жыл бойы зорланғанын айтып, жар салды
"Мені уахабистер пышақтады" - Құлсары тұрғыны
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін