Алматыдағы Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыдағы Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыдағы Сайран көлінің маңынан тағы бір қару-жарақ қоймасы табылды.

  • 2 Қыркүйек 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Алмалы ауданындағы сынған, құрғақ бұтақтардың астынан қойма табылған.

"Қару" республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 ҚАЖД мекемесінің жедел тобының қызметкерлері Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Варламов көшесі бойынан, Сайран көліне қарай, батыс бағытта құрғақ бұтақтардың астындағы бұталардың арасынан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қоймасын тапты. Мәселе 12 калибрлі, екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, ПМ газ тапаншасы, сонымен қатар оқтар туралы болып отыр", — деді Алматы қаласы бойынша ЛА-155/13 ҚАЖД мекемесінің жедел уәкілі Рахат Нұрбеков.

Алдын ала мәлімет бойынша табылған қарулар биылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған. Оның нақты кімдікі екені сараптамадан кейін анықталатын болады.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар