Алматыдағы соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы екі есе өсіп шыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы екі есе өсіп шыға келді

Алматыдағы соғыс ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы екі есе өсіп шыға келді

Бастапқыда айтылған 250 мың теңгеге жуық қаржының орнына майдангерлерге 500 мыңнан төленетін болды. 

  • 8 Мамыр 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

— Ұлы Жеңіс күні қарсаңында қаламыздағы 268 соғыс ардагері мен мүгедектеріне 250 мың теңгеден төлемақы берілді. Біз оның көлемін екі есеге арттыру туралы шешім қабылдадық. Яғни биыл соғыс ардагерлеріне және мүгедектеріне әрқайсысы жалпы 500 мың теңгеден қаржылай көмек алатын болады.

Сондай-ақ, елімздің әр аймағындағы ардагерлерге төленетін жәрдемақы көлемдері де нақтыланды. Мәселен, жеңістің 74 жылдығы қарсаңында ең көп қаржат, яғни 542 мың теңге — Шығыс Қазақстан облысының ардагерлеріне берілмек. Бұдан кейін, Нұр-Сұлтан қаласы. Онда 519 мың теңгеден бөлінсе, Павлодар мен Ақмола облыстары 500 мың теңгеден беруді көздеген екен. Енді Алматы қаласының басшылығы да майданға аттанған ардагерлерге 500 мың теңгеден төлеуді ұйғарыпты. Ал, Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан билігі ел қорғаған азаматтарға 300 мың теңгеден тарту етуді жоспарласа, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы мен Түркістан облысы 250 мың теңгеден бермек. Сонымен бірге, Қостанай мен Жамбыл облысының әкімдігі 150 мың теңгеден аймақтарындағы ардагерлерге үлестіретін болды.

 

Соңғы жаңалықтар