Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы виза бөлімінің атауы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы виза бөлімінің атауы өзгерді

Алматыдағы Венгрия Бас консулдығы виза бөлімінің атауы өзгерді

Алматыдағы Венгрия консулдығы виза бөлімінің атауы Венгрия, Австрия, Латвия, Словакия және Словенияның Бірлескен виза орталығы деп өзгерді. Бұл бүгін баспасөз мәслихатында мәлім болды.

  • 30 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Венгрияның Бас Консулдығы 1 жылдай уақыттан бері Шенген келісім-шарты бойынша серіктестерімен консулдықтың базасында Бірлескен виза орталығын құру жөнінде келіссөз жүргізген болатын. Келіссөздер нәтижесінде Венгрия мен Словакия арасындағы келісім-шартқа сәйкес Венгрияның Алматыдағы Бас консулдығы 1-шілдеден бастап өтініштерді қабылдап, Словакия елінің атынан Шенген визасын бере бастайды. Бас консул Силард Телекидің айтуынша, соның нәтижесінде олар өкілдік ететін елдердің жалпы саны беске жетті. Оның құрамына Венгрия, Австрия, Латвия, Словакия, Словения еніп отыр.

«Мақсат — Қазақстан тұрғындары үшін Шенген визаларын беретін орындарды жақындату. Аталмыш виза орталығын құру Венгрия үкіметінің Шенген келісім-шарты нормалары мен құндылықтарын ескере отырып, қазақ және венгр халықтарының арасындағы ерекше тарихи-мәдени байланыстарды ашып көрсету үшін қабылданған шешім болып табылады. Біз Алматыда өз өкілдігі жоқ Шенген келісім-шартының өзге елдерін де Виза орталығына қатысуға тартуды көздеп отырмыз. Алматыда және Астанада өз өкілдіктері болса немесе Шенген визасын беру мәселесінде өзге мемлекет оларға өкілдік ететін болса бұл құба-құп іс болар еді деп есептейміз», — дейді Силард Телеки.

Соңғы жаңалықтар