Алматыдағы жол апатынан кейін 5 адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жол апатынан кейін 5 адам ауруханаға түсті

Алматыдағы жол апатынан кейін 5 адам ауруханаға түсті

 

  • 28 Қаңтар 2018
  • 222
Фото - Caravan.kz

Алматы — Ащыбұлақ трассасындағы жол-көлік оқиғасынан кейін бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Территория происшествий» бағдарламасына сілтеме жасап.

Алматы — Ащыбұлақ трассасында жол-көлік оқиғасы болды. ВАЗ-2114 автомобилі қалаға, ал Toyota Аrdeo Ащыбұлақ ауылына қарай жүріп бара жатқан.

Алдын ала болжам бойынша, ВАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып, Toyota Аrdeo көлігімен соқтығысады. Оқыс оқиға салдарынан ВАЗ көлігінде отырған екі адам, Toyota Аrdeo көлігінде отырған үш адам ауруханаға жеткізілді.