Алматыдағы жұрт жаппай тұмауға шалдығып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жұрт жаппай тұмауға шалдығып жатыр

Алматыдағы жұрт жаппай тұмауға шалдығып жатыр

Жұрт жаппай тұмауға шалдығып, Алматыдағы жедел жәрдем қызметіне науқастарды тасу қиынға соғып жатыр. Тіпті соңғы күндері шақырту салған халықтың саны екі есеге көбейген. Соңғы тәуліктердегі әрбір үш қоңыраудың біреуі тұмауға шалдыққан тұрғындардан түсіп жатыр.

  • 24 Желтоқсан 2016
  • 855
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31.арна хабарлады.

Астана көмекке 7 минутта жетуге ұмтылып жатса, алматылық дәрігерлер қоңырау түскеннен кейін 12 минуттың ішінде тиісті мекен-жайға жетуі керек. Сондықтан дәрігерлер науқастың үйіне қарай жеделдетіп келді.

Алматыда күніне орта есеппен дәл осындай шұғыл қызметті қажет ететін 2000 қоңырау түседі екен. Ал соңғы тәуліктерде шақыртулар 3500-ге дейін көбейіп кетіпті. Ал оның 1200-і жедел респираторлық-вирустық инфекциялық ауруға шалдыққандар. Яғни, ел арасында тұмау тарататын вирус өршіп тұр. Ал олардың көпшілігі…

— Қазір басым бөлігі балаларға. Балаларға көп түсіп жатыр. Ересектер де көп, деді Алматы қалалық жәдел жәрдем №5 қосалқы станциясының дәрігері Жомарт Құлбаев.

Жедел жәрдем қызметі түрлі сараптамалар тағайындау, стационардан үйге апару сынды шақыртуларға бармайды. Маман негізсіз жедел-жәрдем шақырып, шағым айтатындар да бар дейді.


Ал жалпы жедел жәрдем қызметі арқылы кейбір адамдар ем тағайындауға, анықтама қағазын алуға тырысады. Тек алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тұрғындар соны дұрыс түсінсе дейді. Тіпті емханаға баруға физикалық мүмкіндігі бар адамдар да 103-ке жиі хабарласады екен.