Алматыдағы күзетшінің өлімі: тың мәлімет белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы күзетшінің өлімі: тың мәлімет белгілі болды

Алматыдағы күзетшінің өлімі: тың мәлімет белгілі болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні айуандықпен өлтірген ер адамға қатысты жаңа мәлімет белгілі болды.

  • 29 Наурыз
  • 65
Фото: Kozachkov телеарнасынан алынған

Кешен тұрғындарының айтуынша, күзетшіні көлікпен қағып, соққыға жыққан 45 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы ата-анасымен бірге «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде тұрған. Ол нашақорлыққа салынған және көршілерін үнемі қорқынышта ұстағаны айтылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиапорталы Аbdulla.kzkz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

«Ол шу шығара бастағанда ата-анасы көмек сұрайды. Мас болған кезде оны бәрі тыныштандырады, шлагбаумнан өткізбейді. Бұл жолы ол мас күйде көлік жүргізбек болды, бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны өткізбеді. Бірақ ол бәрібір кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан шығып, қайда кеткеніне қарады. Ол қайтып келе жатқанда, бұл көлік қайтып келді. Ол қайтып келіп, аулаға кірді. Нұрбол қақпаны жауып жатқан, сол кезде ол көлікпен оны үш рет қақты, сосын көліктен түсіп, басына бөтелкені сындырған, сосын оның үстіне секірген», — дейді «Меркур Таун» тұрғын үй кешені ПИК өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиғаға дейін тұрғынның жөнсіз әрекетіне байланысты бірнеше рет полицияға хабарласуға мәжбүр болған. Алайда, ол әр кезде сытылып кетіп отырған.

«Осыдан екі-үш ай бұрын ол диспетчерді соққыға жыққан. 55 жастағы әйелді шашынан сүйреген. Ол нашақор, қаншама рет полиция шақырдық. Есірткі шеккенде үйсіз адамдарды осында әкеле бастайды. Тиісінше, біз бөтен адамдарды аумаққа кіргізбейміз. Ал ол есіктерді сындырып, лифтті тепкілеуді бастайды. Диспетчер ескерту жасаған, кейін ата-анасына телефон соққан. Бұл үшін ол шашынан сүйреген. Ол тағы бір күзетшіні қылқындырған, кейін ол жұмыстан шығып кетті. Құқық қорғау органдарына арыз жаздық, сенесіз бе, сенбейчсіз бе, бірде-бір жауап алған жоқпыз», — деп хабарлады «Меркур Таун» тұрғын үй кешені өкілдері.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та күзетші мен ер адам бірге ішкен деген ақпарат тарады. «Меркур Таун» ПИК бұл болжамдарды жоққа шығарды.

Мен бейнежазбадан барлық хронологияны көрдім. Жұмыс орнында отырыс болған жоқ. Күзетші Нұрбол оны тыныштандырғысы келген, оны қақпадан шығармады. Бұл адам көршілерін қорқытып, есік-терезелерін сындырған. Мұны бәріміз білеміз, осы жерден көреміз. Күзетшінің үш баласы бар, екі ауысымда жұмыс істейтін, ішімдік ішпейтін», — дейді «Меркур Таун» ПИК тұрғын үй кешенінің әкімшілігі.

Kozachkov телеграм арнасының жазуынша, күдікті бұрынғы депутат әрі прокуратура қызметкерінің ұлы. Сондай-ақ ол Қуандық Бишімбаевпен бірге Нархозда оқыған деген ақпарат та тарап жатыр. Есімі Асқар Тастандиев, 1979 жылы туылған.

Марқұм күзетші 42 жаста екені белгілі болды. Артында отбасы мен үш баласы қалған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінің күзетшісін айуандықпен өлтірген ер адамның видеосы желіде пайда болғанын жазған едік. Кадрларда алдымен көлігімен бірнеше рет соғып, артынан аямай ұрып-соққанын көруге болады. Көрші үйлердің тұрғындары болған оқиғаны телефондарына түсіріп тұрған. Ер адам ауруханада көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар