Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды

Алматыдан 97 километр қашықтықта жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің эпицентр Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Сезілуі жайында мәлімет жоқ.

  • 23 Шiлде 2018
  • 13
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық сейсмологтар қазақ-қырғыз шекарасында магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болғанын тіркеді, деп хабарлайды ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік станциясы.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 08.02-де тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым алыста Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды", — делінген хабарламада.

Тереңдігі – 15 километр. Сезілуі туралы ақпарат жоқ. 


Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,3 және 4,6 тағы екі жер сілкінісін тіркеді. Олар Алматы уақытымен 02.23 және 05.06 кезінде Қытай аумағында және Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай шекараларының түйіскен жерінде болыпты.

 

Соңғы жаңалықтар