Алматыдан Қапшағайға пойызбен баруға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдан Қапшағайға пойызбен баруға болады

Алматыдан Қапшағайға пойызбен баруға болады

Алматы мен Қапшағай арасы жақындай түсті! Енді екі қала арасында пойызбен де қатынауға мүмкіндік бар. 5 вагон тіркескен пойыз бүгіннен бастап жолға шықты.

  • 20 Маусым 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

Оның 4-уі купе, біреуі отырып баруға арналған. Егер жолаушылар саны артып жатса, вагон саны артпақ. Пойыз «Алматы-1» вокзалынан Қапшағай бекетіне таңғы 6-дан кешкі 10 аралығында қатынайтын болады. Тәулігіне 4 мәрте. Бағасы егер купе болса – 700 теңге, отыратын орын – 500 теңге. Мұндай пойыз алдағы уақытта Талғар, Есік және Қаскелең бағаттарында да шығады деп жоспарланған.

Роман Ботабеков, «Тұран-Экспресс» компаниясының бас директоры:

— Қапшағайда қазір жол жөнделіп жатыр. Туристер көп қиыншылық көріп жатыр. Соған компаниямыз ақылдасып, осындай пойыз керек болғанын көріп, ашып отырмыз. Бүгіннен бастап, 4 рет барады. Ары-бері.